Елімізде қарттар мен балалардың үлесі 42%-дан асты

141

Елімізде еңбекке қабілетті халық саны азайып барады. Қазіргі таңда Қазақстанда балалар мен қарттардың үлесі 42 пайыздан асты деп хабарлады turkystan.kz.

Соңғы бес жылда Қазақстанда демографиялық жүктеме айтарлықтай өсті.

Еліміздегі еңбекке жарамды әрбір мың азаматқа 740 қарт пен баладан келеді. Бес жыл бұрын бұл көрсеткіш 687 болды, бұл биылғыдан 53-ке аз.

«Көрсеткіштің өсуіне негізгі үлесті «балалар» демографиялық жүктемесінің коэффициенті қосады. 2023 жылдың басында елдегі әрбір мың ересек адамға 542 баладан келді. Ал 2018 жылдың қаңтарында олардың саны небәрі 496 болған еді. Соңғы бес жылда 15 жасқа дейінгі балалар саны 5,1 миллионнан 6,2 миллионға дейін өсті», – делінген хабарламада.

Ал қарттардың үлесі 7,3-тен 11,4 пайызға өскен.

«Еліміздің оңтүстігінде қарттар мен балалардың үлесі  еңбекке жарамды әрбір мың адамға шаққанда 800 адамнан асады. Еліміздегі ірі қалаларда бұл көрсеткіштер айтарлықтай төмен. Мәселен,  Астанада – 625, Алматыда – 642, СҚО-да – 672, Қостанай облысында – 651 адамнан келеді» – деді сарапшылар.

https://turkystan.kz/article/223771-elimizde-karttar-men-balalardyn-ulesi-42-dan-asty/

Leave A Reply

Your email address will not be published.