Елімізде биыл көкжөтелден екінші бала көз жұмды

147

Фото: Pixabay.com

Қайғылы оқиға Ұлытау өңірінде болған.

«Биыл көкжөтелден екі бала көз жұмды, біреуі – Қарағанды облысында, ал екіншісі – Ұлытауда. Ал олардың екеуі де екпе салатын жасқа жетпеген”, – деп мәлімдеді Айжан Есмағамбетова.

Дәрігерлер көкжөтелдің өте қауіпті инфекция екенін айтады. Сөздерінше, ауырған 10 адамның төртеуі одан өлуі мүмкін.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ай сайын көкжөтелді 350-ден 400-ге дейін адам жұқтырып жатыр. Науқастардың 90%-ға жуығы екпе алмаған.

Денсаулық сақтау министрлігі халықты екпеден бас тартпауға шақырады. Елдің бас дәрігері көкжөтелге қарсы француз вакцинасы тиімді дейді.

Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысында көкжөтелден бір бала көз жұмғаны айтылды.

https://stan.kz/elimizde-biil-kokzhotelden-ekinshi-bala-koz-zhymdi-402282/

Leave A Reply

Your email address will not be published.