«Олардың 1235-і мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, 4752-сі мектептерде және 478-і колледждерде білім алып жатыр. Ал 800-ден аса бала мектеп жасына дейінгі балалар. Өзіңіз айтып өткендей, республикада 13 арнайы балабақша және 17 арнайы мектеп осы бағытта жұмыс істейді. Десек те, барлық мектепте көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы сыныптар ашылуға мүмкіндік бар. Қажеттілікке байланысты ондай сыныптар ашылады. Еліміз бойынша 10 мыңнан астам педагог көру қабілеті зақымдалған балаларға қызмет көрсетеді. Білім беру ұйымдарында қажеттілікке қарай арнайы сыныптар мен топтарды ашуға толық мүмкіндік бар. Материалдық-техникалық жабдықтауға келсек, мұнда екі үлгідегі оқу құралы қажет етіледі. Ол Брайль қарпіндегі оқулықтар және үлкейтілген шрифттегі бейімделген оқулықтар. Бұл мәселе де мемлекеттік бақылауында», – деді вице-министр.
Алматыдағы арнайы білім беру әдістемелік орталығында Брайль қарпімен және үлкейтілген шрифтпен оқулықтарды шығаруға мүмкіндік беретін принтерлер бар.