Елімізде 102 жыл бұрынғы рекорд жаңарды

110

Маусым айында Түркістан қаласында ауа температурасы 102 жыл бұрынғы рекордтық көрсеткіштен асып түскен, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, 2023 жылдың маусым айы тарихта ең ыстық әрі жаңбырлы айлардың бірі болып қалатын түрі бар.

«Маусымның алғашқы онкүндігі шектен тыс аптап тіркеліп, өткен жылдардың рекордын бұзды. Бұған Иран мен Орта Азиядан келетін тропикалық ауа массасы себепкер болған. Мысалы, Қостанай метеорологиялық стансасында ауа темпертурасының ең жоғары мәні +38,2°С болған. Соңғы рет осыған ұсқас ыстық 1995 жылы болған (+35,5°С). Ал Қызылорда облысында 6 маусым күні +41,6°С ыстық тіркелді. Бұған дейінгі рекорд аталмыш өңірде 2018 жылы байқалған. Ол кезде ауа температурасы +38,7°С-ты көрсеткен. Петропавлда 7 маусым күні температура +38,0°С-қа жеткен. Осылайша 1998 жылғы рекорд (+34,9°С) жаңарды. Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында да 7 маусым күні ауа температурасы +40,6°С-ты көрсетті. Осылайша 1990 жылғы рекорд (+40,6°С) қайталанды», – делінген Қазгидромет хабарламасында.

 

https://turkystan.kz/article/227890-elimizde-102-zhyl-buryngy-rekord-zhanardy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.