Елена Рыбакина Бейжіңдегі турнирдің жартылай финалына шықты

64

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Бейжіңдегі (Қытай) WTA-1000 санатындағы турнирде 1/4 финалдық кездесуін сәтті өткізіп, жартылай финалға шықты

Ол әлемдік рейтингіде көш бастап тұрған Арина Сабаленканы 7:5, 6:2 есебімен ұтты. Қазақстандық теннисші жеке кездесулерде 2:4 есебімен есеп айырмасын қысқарта алды.

Осыған дейін қарсыластар бес рет кездесіп, төртеуінде А.Соболенко жеңген. Бұл жолы бірінші партияда Е.Рыбакина 7:5 есебімен басым түсті. Теннисшілер кортта 1 сағат 34 минут уақыт өткізді. Матч барысында Елена Рыбакина 12 эйс орындап, тоғыз брейк-пойнттың төртеуін аударды. Қарсыласы 4 эйс, 1 брейктен аса алған жоқ.

Еліміздің бірінші ракеткасы финалға шығу үшін ресейлік Людмила Самсоновамен (әлемдік рейтингте 22-орында) күш сынасады.

 

https://turkystan.kz/article/234542-elena-rybakina-beyzhi-degi-turnirdi-zhartylay-finalyna-shy-ty

Leave A Reply

Your email address will not be published.