Елдос Сметов отбасымен Лондонға көшіп кетті

26

Париж Олимпиадасының алтын жүлдегері Елдос Сметов әйелімен бірге бірнеше ай Лондонда өмір сүреді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Спортшы бұл туралы былтыр қарашада айтқан. Ол Олимпиада ойындары кезінде ағылшын тілін білмегендіктен, қиналғанын жеткізіп, алдағы мақсатының бірі — тілді жетік меңгеру болатынын айтқан болатын.

«2025 жылдың басында арнайы ағылшын тілін үйрену үшін Лондонға 4 айға барамын. Халықаралық дзюдо федерациясына (IJF) ағылшын тілінде сұхбат бергім келеді», — деген еді спортшы журналистерге.

Енді күні кеше спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында Лондонға жолға шыққаны туралы суреттер жүктеді. Оны және әйелін жақын достары шығарып салған.

«Жол болсын! Амандықта жүздескенше! Елдос бауырымызды Англияға шығарып салдық. Сапарларың сәтті болсын!», — деп жазған спортшының жақындары.

Фото: instagram.com/yeldos60kg

Leave A Reply

Your email address will not be published.