Коммуналдық тарифтер саласына жүргізілген тексерудің қорытындысы алаңдатып отыр. Бұл туралы Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Жолдауда халықтың әл-ауқатын көтеруге қатысты негізгі басымдықтар аталып өтті. Бұл жұмыстар халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге негізделді. Сондықтан коммуналдық қызмет жөніндегі шаруаны Бас прокурорға тексеруге тапсырма бердім. Сәйкесінше, тиісті тексеру жүргізіліп, оның нәтижесі өте күрделі болғаннан кейін, осы мәселені Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына шығарып, сіздермен талқылауды ұйғардым. Бұл тұрғыда тұрғындардың әл-ауқатына қатысы бар электр қуаты мен жылу тарифі мәселесін қарайтын боламыз», — деп тоқталды Елбасы.