Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын ілгеріту жұмыстарын жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік маңызы бар жобасы аясында «Жамбыл облыстық қоғамдық бақылау және мониторинг орталығы» қоғамдық қоры ағымдағы жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында төмендегі жұмыстарды атқарды.
Қостөбе, Үлгілі, Жалғызтөбе ауылдық округтерінде Қазақстан Республикасы Президентінің бағдарламалық мақаласын насихаттау барысында дөңгелек үстел ұйымдастырылды;
Қызыл жұлдыз ауылдық округінде кездесу, Жалғызтөбе ауылдық округінде семинар-тренинг, Бәйтерек, Дихан, Жаңатұрмыс, Көктерек ауылдық округінде акциялар, Суханбай ауылдық округінде дөңгелек үстел, Мырзатай ауылдық округінде сурет байқауы, Түймекент, Бурыл, ауылдық округтерінде «Рухани жаңғыру – ел дамуының кепілі!» атты акциялар ұйымдастырылды.
Жоба аясында бейнеролик мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленуде.