Елорданың қалыптасуы, қала қалай салынды, бас шаһарымыздың әлемдік аренадағы беделі – міне, осының бәрі кітап болып басылды. «Ел жүрегі – елорда шежіресі» аталатын жаңа туындының бүгін таныстырылымы өтті. Кітапта «Кешкі Астана» мен «Астана ақшамы» газеті тілшілерінің еңбектері топтастырылған. Жинақта саясат, экономика, әлеуметтік саланың барлығы қамтылып отыр. Тиражы – мың дана.
Қайсар Жұмабайұлы, жоба жетекшісі: — Басында осы кітаптарды көп болса 250 данамен шығарамыз деген ой болды. Бірақ деректердің көптігі себебінен біз кітаптың көлемін үлкейтіп, 332 бет болып шықты. Қазақ тілінде және орыс тілінде.