«Екінші рет беташар жасап, сырға салғандар көрсін»: Орамал ауыстыру салты көпті таң қалдырды

70
Tik Tok желісінде тараған видеодан ұзатылып жатқан келіншектің басындағы орамалын ауыстырғанын байқауға болады.Бұл дәстүрге тәнті болған желі қолданушылары түрлі пікір мен болжамдарын жазуда. Бірі бұл ғұрып күйеуі қайтыс болған әйелге жасалады десе, бірі екінші рет тұрмыс құратын келіншектің орамалы ауысатынын жазуда.

«Бұрын тұрмыс құрған келіншекті тек осылай орамалын ауыстыратын болған», «Бұл дәстүр оңтүстікте де бар. Ері қайтқан әйелдің басына жыл толған соң ағартып ақ орамал тағады», «Қазір ғой екінші, үшінші рет те тұрмысқа шыққандар сырға салғызып, дүрілдетіп ұзатылып жатыр. Бұрын екінші рет тұрмысқа шыққан келіншек орамалын ауыстырып, үлкендердің батасын алған», «Көнеден келе жатқан нағыз қазақы дәстүр, екінші рет беташар жасатып, бетін ашып жатқан қыздар көрсін», — деп жазды ол.

Интернет желісінен де қоғамның қызығушылығын тудырған аталмыш дәстүрдің мән-мағынасын іздеп көрдік.

«Күйеуі өлген қаралы әйелге көк көйлек кигізіп, көк орамал тартады. Бір жыл өткеннен кейін, күйеуінің жылдық асында жесірдің туысқандары не абысын-ажындары ақ көйлек кигізіп, ақ орамал тартып, «көгің ағарсын!» деген тілек айтады. Маңғыстауда күйеуі қайтқан әйелдің бір жылдан кейн орамалын ауыстыратын ырым бар. Ол «бұдан былай еріңнен азатсың, басқа ерге шығуға болады» дегенді білдіреді. Сонда көк орамал бұрынғы неке мен болашақ болуы мүмкін некенің арасындағы аралық көпір қызметін атқарады», — делінген bilimdinews.kz порталында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.