«Екіқабат болып сахнаға шыққан кімді көрдің?»: Ерке Есмаханның ән айтқаны ел талқысына түсті

49

Бірі аяғы ауыр әйел сахнаға шықпау керек десе, енді бірі сәби көтеріп жүріп жанды дауыста ән шырқағанына таңданды.

Желіде аяғы ауыр Ерке Есмаханның «Queen» шоуда көрсетке өнерінің видеолары тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Баян Мақсатқызы ұйымдастырған концертте Ерке Есмахан жүктілігіне қарамастан ән айтты.

«Сюрприз болып шыға келді. Ерке сондай сұлу, жарайсың! Қызым, қарашы әдемі ғой», — дейді видеода Мөлдір Мұқанова.

Осы тұста желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі аяғы ауыр әйел сахнаға шықпау керек десе, енді бірі сәби көтеріп жүріп жанды дауыста ән шырқағанына таңданды.

«Кімді көрдіңдер сахнаға екіқабат болып шыққан? Бұныкі не тәлпіштік», «Бұл апам да қартайған сайын», «Костюмын Киркоровтан жалға алған ба?», «Мың жерден әнші болсаң да екіқабат кезіңде шықпай-ақ қойсаң болады ғой», «Бұл қатын да құтырды-ау», «Өте нәзік», «Екіқабат аққу», «Аяғы ауыр әйелдің мынадай әнді орындай алуы нағыз шеберлік», «Өзін баяғыда-ақ дәлелдеп тастаған талант қой», — деді олар.

фото: видеодан скриншот

https://turkystan.kz/article/257189-ekikabat-bolyp-sakhnaga-shykk-an-kimdi-kordin-erke-esmakhannyn-n-aitkany-el-talkysyna-tusti

Leave A Reply

Your email address will not be published.