Екібастұз тұрғындарына бес мыңнан астам жылу батареялары жеткізілді

141

ТЖ салдарын жою үшін 36 бригада және 52 техника жұмылдырылған

Екібастұздағы жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою жөніндегі жедел штаб жылу радиаторларын ауыстыру бойынша жұмысты ұйымдастыруда, деп хабарлайды 08 инфо ақпараттық агенттігі ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

Пәтерлердегі ішкі жылу беру жүйесін қалпына келтіру үшін тұрғындар байланыс орталығына 74-00-41 нөмірі бойынша хабарласа алады.

Сонымен қатар өтінішті 87076279332 және 87757100291 WhatsApp нөмірлеріне қалдыруға болады. Қазіргі уақытта 5 200 жылу батареясы жеткізілді.

Сонымен қатар Екібастұздағы ТЖ салдарын жою үшін 36 бригада (290 адам) және 52 техника жұмылдырылған.

Қалпына келтіру жұмыстарының барысы – Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.

Естеріңізге сала кетсек, 27 қараша күні сағат 1:20 шамасында Екібастұз ЖЭО-да қазандық істен шыққан болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.