Екібастұз қаласындағы электр стансасында ақау шықты

34

Екібастұздағы 1 МАЭС-тің түтін мұржасында саңылау пайда болып, бүйірінен қою шаң-тозаңның бұрқырап жатқаны туралы бейнежазба тарап кетті.

Екібастұз қаласындағы электр стансасында ақау шықты

Болат Нұржанов атындағы Екібастұз № 1 мемлекеттік аймақтық электр стансасындағы № 3 энергия блогы кенеттен тоқтатылды. Оған кәсіпорын мұржасындағы ақау себеп болған.

Әлеуметтік желіде Екібастұздағы 1 МАЭС-тің түтін мұржасында саңылау пайда болып, бүйірінен қою шаң-тозаңның бұрқырап жатқаны туралы бейнежазба тарап кетті. Бұл кәсіпорында бүгінде әрқайсысы 500 МВт қуат беретін 8 энергия блогы бар.

— 2024 жылғы 12 қарашада сағат 16:00–де Екібастұз 1-МАЭС жабдығын аралау және тексеру барысында № 1 түтін құбырының балконы төңірегінде шаңның пайда болғаны анықталды. Шаңдану себептерін анықтау үшін № 3 энергия блогын ажырату туралы шешім қабылданып, түтін құбырына ішкі тексеру жүргізу мақсатында мамандандырылған ұйым тартылды.  Шаңның пайда болу себептері тексеру нәтижелері бойынша анықталады. Жүргізілген талдау негізінде қажетті іс-шаралар жоспары әзірленеді, — деп хабарлады кәсіпорынға иелік ететін «Самырұқ-Энерго» компаниясынан.

сурет:https://turkystan.kz/article/252011-ekibastuz-kalasyndagy-elektr-stansasynda-akau-shykty

Leave A Reply

Your email address will not be published.