«Екі рет атты»: Сағынтаев әкесінің қалай оқ тиіп жараланғанын айтты

361

Алматының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаев қылмыскердің әкесіне қалай оқ атқанын еске алды.

«1973 жылы мен он жаста едім. Ауылда тұрамыз. Әкем екеуіміз қаладан келдік, ол кезде Жамбыл деп аталатын. Түн болды. Бағаналарда шамдар жанып тұрғаны әлі есімде. Аулаға кірген жоқпыз. Қақпаның алдына тоқтадық. Сол кезде «ГАЗ-69″-бен жүрдік. Әкем алдында, ал мен артында отырдым. Екеуміз бірге шықтық», — деді Сағынтаев Арманжан Байтасовтың Youtube-арнасына берген сұхбатында.

Ал қару ұстаған қылмыскер шарбақтың артында тығылып тұрған. Артынан сот кезінде ол жақын жерден атпауға шешім қабылдағанын айтты. Себебі Әбдір Сағынтаевтың жанында кішкентай ұлы болды. Баланы аяған.

Бақытжан әкесімен бірге үйге кіріп, кешкі асын ішеді. Ал жатардың алдында әкесі даладағы дәретханаға бармақ болып сыртқа шыққан. Оны күтіп отырған қылмыскер дәретханаға өтіп кеткенін байқамаса да, қайтып келе жатқанын көрген.

«Ол жерде 50 метрдей болды. Ол шүріппені екі рет басты. Әкем жарақат алды. Жақын жерден атқанда өлтіріп тастайтын еді», — дейді ол.

Әбдір Сағынтаев аман қалып, оған ота жасалған. Бірақ 13 жылдан кейін соңғы және Ұлы Отан соғысындағы жарақаттар сыр беріп, 64 жасында көз жұмды.

«Мен үлкен өмірге аяқ басып жатқан уақытта әкемнің ақыл-кеңестеріне мұқтаж болдым. Іштей іздеп отыратынмын. Ал соңғы оқиға кезінде әкемнің ешқайда кетпегенін түсіндім. Оның әруағы мені құтқарды. Мені желеп-жебеп жүрді. Әкеме алғысым шексіз», — деп атап көрсетті Сағынтаев.

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қала әкімінің кортежі оқтың астында қалған. Almaty арнасының көлік жүргізушісі қайтыс болды. Әкімнің жеке жүргізушісі де жарақат алды. Бұдан бөлек, спорт және дін басқармаларының басшыларына оқ тиген.

sputnik.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.