Екі облыста жол жабылды

93

Синоптиктердің болжамынша, бүгін сағат 19:00-ден бастап Ақмола және Қарағанды облыстарында метеорологиялық жағдай нашарлады. Қалың қар жауып, жел соғуы мүмкін. Мұндай ауа райының қолайсыздығы 8 қаңтар сағат 16.00-ге дейін сақталады деген болжам бар.

Осыған байланысты жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана-Щучинск және Астана-Теміртау бағыттарында көлік қозғалысына шектеулер енгізілуі мүмкін екендігін хабарлаймыз.

Ауа-райы туралы ақпаратқа назар аударып, сапарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ, 1403 байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз. Бұл нөмір арқылы республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал жөніндегі ақпаратты алуға болады.

Айта кетейік, автожолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмысы қарқынды жүргізіліп, қар тазалайтын техника тәулік бойы жұмыс істейді.

aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.