Egov mobile мобильді қосымшасының жаңа нұсқасы пайдаланушыларға қолжетімді болды

414

Egov mobile мобильдік қосымшасын пайдаланушыларына жаңартылған интерфейс, жеке тұлғаларға арналған Е-license қызметтері, кері байланыстың ыңғайлы түрі қолжетімді болды. Мобильді қосымшаның жаңа нұсқасына eGov.kz порталының сұранысқа ие 20 мемлекеттік қызметі қосылды.

Бүгін мемлекеттік қызметтерді eGov mobile мобильдік қосымшасын пайдалана отырып, телефондағы бірнеше тетікті басу арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызметтерді алу уақытын үнемдеу және цифрлық форматқа көшу үшін eGov Mobile функциялары мен мүмкіндіктері де кеңейтілді.

Egov mobile қосымшасында қазірдің өзінде 400-ге жуық мемлекеттік онлайн-қызмет пен сервис қолжетімді, 2022 жылдың соңына дейін барлық мемлекеттік қызметтерді 80% — ға дейін «смартфондау» жоспарлануда.

Жаңартылған дизайнмен қоса «Цифрлық құжаттар» сервисіне ЭЦҚ кілті арқылы авторизациядан өткен жағдайда Интернетке қосылмай-ақ пайдалану мүмкіндігі пайда болды.

Бүгінде eGov mobile мобильдік қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисі 18 құжаттан (жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тест және туу туралы куәлік және т.б.) тұрады.

Қосымшаның жаңа нұсқасына eGov.kz порталының 20-дан астам мемлекеттік қызметі қосылды, олардың ішінде: ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау бойынша анықтама беру, қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру, ҰОС қатысушыларына куәліктер беру және т.б.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін белгілі бір тақырып бойынша пайдалы ақпарат жиынтығынан құралған «Өмірлік жағдайлар» жаңа бөлімі қосылды. Бұл сервис азаматтарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алуға өтінім беру және ақпаратты іздеу үшін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Цифрлық құжатта қате мәліметтер анықталған жағдайда «қате туралы хабарлау» батырмасын басып, e-Otinish арқылы тиісті мемлекеттік органға өтініш беру тетігі пайда болды.

Ең маңызды жаңарту: жеке тұлғаларға Е-license порталының 250-ден астам қызметін алу мүмкіндігі пайда болды, олар: жеке кәсіпкер ретінде қызметінің болуы туралы хабарлама, жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту және карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шақыруға фитосанитариялық сертификат беру.

Egov mobile мобильдік қосымшасының жаңа нұсқасы iOS жүйесінің пайдаланушылары үшін App Store платформасында, сондай-ақ Android жүйесінің пайдланушыларына Play Market және App Gallery қолжетімді.

Цифрлық құжат – цифрлық құжаттар сервисі қалыптастыратын, мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу үшін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде қажетті электрондық құжат. «Цифрлық құжаттар» сервисі жеке басты куәландыратын құжат түпнұсқасының электрондық нұсқасын тікелей пайдалануды көздейді, бұл азаматтарға басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қандай да бір қызметтер көрсету үшін (мысалы, әуе және т/ж билеттерін сатып алу кезінде және т.б.) электрондық құжатты ұсынуға мүмкіндік береді.

Бүгінде цифрлық құжаттарды еліміздің барлық әуежайларында, «ҚТЖ» АҚ теміржол вокзалдарында вагондарға отырғызу кезінде, «Отбасы Банк» АҚ бөлімшелерінде, Beeline ұялы байланыс операторында, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер мен нотариустардан қызмет алу кезінде пайдалануға болады.

Е.С. Жапаров,

ХҚКБ Тараз қалалық №2 бөлім басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.