Е. Қарашөкеев жыл қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуді тапсырды

48

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңейтілген әкімдік мәжілісінде 2024 жылдың 9 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен бюджеттің атқарылуы қаралды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиеваның айтуынша, есепті кезеңде облыстың экономикалық өсімі 3,7 пайызды құрады.

Ең жоғары көрсеткіш құрылыс (20,6%), тұрғын үй құрылысы (2,3%), инвестиция (1,7%), сауда (2,1%), сондай-ақ көлік (13,5%) және байланыс (9,1%) салаларына тиесілі.

Негізгі капиталға 328,3 млрд.теңге инвестиция тартылды.

Өнеркәсіп құрылымында өңдеу секторының үлесі 65,2 пайызды құрап, 420,9 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. 9 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің құрылыс индустриясы саласында өсім 1,2 пайызды, дайын металл бұйымдарының өндірісі — 68,9 пайызды құрап, оң динамика қалыптасты. Сонымен бірге химия өнеркәсібінде сары фосфор өндірісі 12,3 пайызға артты.

Тау-кен өндіру саласындағы өсім 2,6 пайызды, электрмен жабдықтау – 14,7 пайызды, сумен жабдықтау – 7,8 пайызды құрады.

Бұдан соң Ербол Қарашөкеев көрсеткіштері төмен қалыптасқан аудан әкімдерінің есебін тыңдады. Тараз қаласы мен аудандарға жыл соңына дейін әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету міндеттеді.

Қаржы басқармасының басшысы Батырхан Әкек облыстық бюджеттің атқарылуы туралы баяндама жасады. Ербол Қарашөкеев бюджет қаражатын тиімді және толық игеру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың, Жамбыл, Сарысу, Шу аудандары әкімдерінің баяндамалары жеке тыңдалды.

Кеңейтілген әкімдік мәжілісінің қорытындысы бойынша Ербол Қарашөкеев облыс орталығы мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру бойынша жауаптылардың алдына бірқатар нақты міндет қойды.

Бұдан бөлек, нысаналы көрсеткіштерді орындауда әкімдер мен басқарма басшыларының жеке жауапкершілігі барын еске салды.

— Ауыл шаруашылығы статистикасында жалған деректердің бары анықталды. Алдағы уақытта мұндай фактілердің жолын кесу қажет. Нақты ахуалды көрсетіп, жергілікті жердегі жағдайды бақылап, өзекті мәселелерді шешу үшін жүйелі жұмыс жүргізу – өте маңызды, – деп түйіндеді облыс әкімі.

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.