Дипломды қалай қалпына келтіруге болады?
Білім туралы құжатты (аттестат, диплом және т.б.) жоғалтқан жағдайда, сіз оларды екі жолмен – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz. Орындау мерзімі 15 жұмыс күні.
Айта кетсек, жыл басынан бастап Жамбыл облысында орта білімнің 636, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің 505, техникалық білімнің 347 телнұсқасы берілген.
Білімі туралы құжаттардың телнұсқалары тегін беріледі.
Назар аударыныз!
• Бұл қызметке онлайн өтініш беру үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет.
• ХҚО-ға барар алдында оқу орнының дұрыс атауын алдын ала білу қажет. Егер оқу орны өз атауын өзгерткен болса, сіз жаңа атауын, мекен-жайын және пошталық индексін білуіңіз керек.
• Егер аттестат/дипломды берген оқу орны бүгінде жоқ болса, сіз орта білім беру мекемесін бітіргеніңізді растайтын анықтама алу үшін тіркелген жеріңіздегі мұрағатқа хабарласуыңыз қажет.
Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалының PR-менеджері