Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына орай «Халық сүйген, халқының қалпын сүйген — Қонаев» атты облыстық пікірсайыс турнирі
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы, облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырыпДінмұхаммед Ахмедұлы Қонаевтың 110 жылдығына орай «Халық сүйген, халқының қалпын сүйген — Қонаев» атты облыстық пікірсайыс турниріұйымдастырылды.
Турнир Тараз қаласы «125 High school» мектебіндеөткізілді
Турнир кестеге сәйкес Тараз қаласы мен аудан мектеп оқушыларын жинау арқылы жүргізіліп, аудандардың бетке ұстар жастары қатысты. Турнир іріктеу турнирлерінен 1/8, 1/4, 1/2, және финалдан тұрды. Турнир пікірсайысшылар арасында танымал АПФ, ЛД форматтарында ұйымдастырылды. Тартысқа толы өткен турнирдің нәтижелері төмендегідей.
Турнир 2 лигада өтті.
Орыс лигасының жеңімпаздары:
1 орын Керімбай Аружан, Есенғали Нұрай.
2 орын Василиненко Даниал, Акишин Игорь.
3 орын Маңшан Аделя, Мырзахан Нұршапағат .
3 орын Хидирбаева Амангуль, Алексанова Виталина иеленді.
«Үздік спикер» номинациясымен Мырзахан Нұршапағат марапатталды.
«Үздік төреші» номинациясымен Жиенбаева Айгерим марапатталды.
Қазақ лигасы бойынша:
1 орын «Фемида» фракциясы — Камаладин Нурила, Тоқтарбай Балауса.
2 орын «Көк ту» фракциясы — Кеңесбай Назира, Иса Аяжан.
3 орын «Жуалы» фракциясы — Қонысбай Еркеназ, Қалып Назерке.
3 орын «Көшбасшы» фракциясы — Алпысбаева Сабрина, Темірболат Назерке иеленді.
Турнирдің «Үздік спикері» Аққос Айғаным марапатталды.
Турнирдің «Үздік төреші» номинациясымен Қыдырәлі Шұғыла марапатталды. марапатталды.Бұл жолы тек дебатпен шектеліп ғана қоймай, барлық саланы қамтуға тырыстық сол мақсатта «Үздік эссе» байқауын Қуандық Шапағат жеңіп алса, «Үздік пост» номинациясын Махмудұлы Ерсұлтан жеңіп алды. Қалған аудандар «Үздік топ», «Үздік делегация», «Ең креативті топ», «Ең интеллектуалды топ» және т.б номинацияларын қанжығаларына байлап қайтты.
Жалпы турнир барысында «Кинотеатрларда көрсетілетін барлық фильмдер қазақ тілінде дубляждау керек»; «Жоғары оқу орындарын таңдаулы мектептер (мысалы, НЗМ, БИЛ және т.с.с). түлектеріне оқуға түсудің қатаңырақ шарттарын қолдануға міндеттеу керек»; «Милар ағынын» тоқтату жолдары; «Қазақстан ретінде гранттар бөлу кезінде техникалық мамандықтарға қарағанда экономикалық мамандықтарға басымдық беру керек» деген секілді тақырыптар талқылап, өз араларында пікір алмасты. Ал, оқушылар арасында нағыз жеңімпаздарды анықтау үшін турнирді толығымен біліктілігі жоғары «Төрешілік оқыту» курсынан өткен сертификатталған төрешілер алқасы шешім шығарды.
Осылайша, дәл қазіргідей болашақта да оқушылар мен студенттерді кез-келген салада дамыту мақсатына бағытталған жастардың ұсынған әрбір тың идеялары мен жобалары Жастар басқармасының тарапынан қолдау таба бермек.