Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмаилдың төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес отырысы өтті.
Әуелі жиынның күн тәртібіне сәйкес «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігінің басшысы Шарапат Сүйімқұл «Жастар арасында радикалды діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру, діни сауаттылық денгейін арттыру, дәстүрлі діни-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізу» тақырыбындағы әлеуметтік маңызды жобаны іске асыру барысы туралы баяндады.
Келесі кезекте қала әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Оксана Борисюк, қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Абзал Есіркеповтер қала жастарының бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған жұмыстардың ұйымдастырылуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.
Сонымен қатар басқосудың өзге де қатысушылары тақырып төңірегінде өз ойларын ортаға салып, көкейдегі сауалдарын жолдады.
Кеңесті қорытындылаған Қайрат Әбілханұлы діни бірлестіктермен байланысты күшейтіп, жастардың жат ағымға ермеуіне тосқауыл қоюы бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттігін жеткізді.
Жиын соңында бірауыздан Кеңес ұйғарымының жобасы қабылданды.