Дін – ұстай алсаң қасиетің

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” тапсырысы бойынша «Нығмет нұры»  қоғамдық бірлестігі «Жастар арасында радикалды діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру, діни сауаттылық деңгейін арттыру, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізу» жобасы аясында кездесулер

30

Қазақтың ұлы ақыны Абай – рухани сауатын жоғары деңгейге жеткізген тұлға. Абай сөзінің қара сөздерінде негізінен ақиқат турасында өзінің біліп түйгендерін халыққа жеткізуге асыққан. «Құранның іші толған игілік іс» деп ақын Ислам дінінің құндылықтарына, ондағы терең тәрбиеге бас иген. Әрі мұның қазаққа қажеттілігін жақсы түсінген. Ислам діні – адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тиюды, адамзатқа игілік пен адалдық жолында күресуді мұсылмандық борыш санайды. Қазақ халқының мақал-мәтелдерінен, ел аузында жүрген сөз оралымдары мен өлең шумақтарынан имани ұғымдар мен ұстанымдардың жарқын мысалдарын таба аламыз. Мұның өзі Алаш жұртының салт-санасының, ақыл-ойының асыл діннен ажырамағандығын көрсетеді. Ұлттың ұтқыр ойлау жүйесінде ойып тұрып орын алатын осы айтылымдар дәстүрлі қазақ мәдениетінің Ислам дінімен біте қайнасып жатқандығын айғақтайды. Салт-сананың шынайы сеніммен сабақтасып жатқандығын білдіреді. Әрбір адам діни экстремизм мен терроризмнен хақ дінімізді дұрыс ажырата білгендері дүрыс. Ол үшін барша адам діни тұрғыдан сауаттарын ашқаны дұрыс. Сол кезде ғана, адасушылықтан бойымызды аулақ ұстап, Ислам дініміздің хақ екендігіне көзімізді анық жеткіземіз.  Дін ұстай алсаң қасиетің, Ұстай алмасаң қасіретің — деген халық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.