«Дін тазасын ой табар»

216

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Дәстүрлі емес діни ағымдар қатарындағы азаматтарға бейімдеу жұмыстарын жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаның аясында «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов ауданындажергілікті халықпен ағарту жұмыстары жүргізілді.

Аталмыш жоба аясында 2021 жылдың 24 тамызТ.Рысқұлов ауданында Оқыту жұмыстарына ауданда дін саласында жұмыс жасайтын ауылдық округ мамандары, аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, зиялы қауым өкілдері қатыстырылды. Оқыту жұмыстарына «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы, дінтанушы-теолог магистр Аманбаев Ержан арнайы шақырылып дін саласында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында дінтанушы Е.Аманбаев қатысушылардың көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, аудандағы дін саласындағы түрлі сұрақтармен, мәселелерге толығырақ тоқталық түсіндіріп өтті. Аталмыш оқыту семинарыТ.Рысқұлов ауданы Құлан а.о Құлан ауылында өтті.

Сонымен қатар Т.Рысқұлов ауданындағы сапары аясында Т.Рысқұлов ауданы әкімшілігінде теолог мамандармен Т.Рысқұлов ауданының имамдарымен, жалпы қатысушыларды мемлекеттігі қазіргі жалпы аухуалмен таныстырып, жергілікті жердегі діни мәселелерді талқыланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.