«Дін мен Дәстүр»

197

«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Дәстүрлі емес діни ағымдар қатарындағы азаматтарға бейімдеу жұмыстарын жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаның аясында «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов ауданының орталық  және ауылдық мешіттерінде жергілілі жамағатпен ағарту жұмыстары жүргізілді. Мешіт жамағатына бірлікте, татулықта бірізділікте болу керек екендігі түсіндіріліп, карантин жағдайында санитарлық ережелерді,  ара-қашықтықты сақтап намаз оқу керектігін және мешіттердегі өкіл имамадардың сөздерін тыңдау қажеттілігі қатаң түсіндіріліп өтілді.

Аталмыш жоба аясында 2021 жылдың 29 қазанында Т.Рысқұлов ауданында Республикалық ақпараттық түсіндірме тобының діни экстремизм және терроризмге қарсы тұру бойынша маманы, дінтанушы Илимбаев Ризабек Баттаұлының қатысумен конференция өтті

Конференция Т.Рысқұлов ауданы Құлан а.о Құлан ауылында өтті. Кездесу барысында қатысушылар жергілікте жерде маңызды болып тұрған мәселелерді көтеріп республикалық дін бойынша ақпараттық түсіндірме тобының мүшесінен нақты кеңестерін ала алды.

Сонымен қатар Т.Рысқұлов ауданындағы сапары аясында Т.Рысқұлов ауданы әкімшілігінде теолог мамандармен Т.Рысқұлов ауданының имамдарымен, жалпы қатысушыларды мемлекеттігі қазіргі жалпы аухуалмен таныстырып, жергілікті жердегі діни мәселелерді талқылады. Конференцияға қатысушылар өздеріне қажетті сауалдарды қойып, діни экстремизм және терроризм алдын алу шаралары туралы сөз қозғалды. Аталмыш семинар діни сауаттылықты жаңартып аудан жұмысына жаңа леп беруіне таптырмас алаң бола алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.