Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінде инфекция таралуының алдын алу үшін залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде.
«Тараз-дезинфекция» мекемесінің арнайы мамандары COVID-19 індетінің алдын алу мақсатында мекеменің жасақтарында және барлық коммуналдық-тұрмыстық нысандарында дезинфекция жасады.
— Күні бүгінге дейін мекеменің ауласында орналасқан балалар ойын алаңдары, орындықтар мен қоқыс жәшіктері залалсыздандырылды. Бұл жұмыстар әрі қарай бекітілген кесте аясында тұрақты жүргізіліп отырады, – дейді мекеме бастығының орынбасары Айгүл Танашева.
Венера Каракозова,
ЖД-158/5 мекемесінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты