Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ілебаев Лесбек Құралбайұлы мемлекеттік әкімшілік және құқық қорғау органдарына қызметке орналасу үшін тапсырылатын тестілеу орталығының жұмысына барды.
Тестілеу — мемлекеттік тілді білуге және заңнамалық актілер бойынша сұрақтардан, сонымен қатар кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған.
«Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ-ң тестілеу операторы А.Абсамат тестілеу залының материалдық-техникалық базасының жай-күйімен, сонымен қатар, кандидаттарға арналған көрнекілік және тестілеу залына кірген кездегі кандидаттарға қойылатын шектеулер туралы ақпараттық стендтермен таныстырды.
Сондай-ақ, тестілеу залдары орталықтандырылған бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген және ақпараттық қауіпсіздік бағдарламалармен қорғалған. Тестілеу рәсімдері үздіксіз дыбыс және бейне жазбалармен қамтамасыз етіліп, алты ай сақталады, сонымен қатар, «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің «Тестілеу» ішкі жүйесімен қолданылады.
Тестілеуге қатысу үшін өтінішті екі жолмен тапсыруға болады: электрондық үкімет порталы арқылы онлайн жолымен (egov.kz) немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгіну арқылы.
Бұдан бөлек, «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы заңнамаларын білу деңгейін тексеру үшін онлайн форматта сынақ тестілеуін іске қосты.
Тестілеуді https://test.ekyzmet.kz сайтынан және тестілеу залдарында өтуге болады.
Онлайн-тестілеуді тіркеу және құны бойынша барлық толық ақпарат https://test.ekyzmet.kz сайтында орналастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, тестілеу орталығы Жабыл облысы Тараз қаласы, Желтоқсан 78 (7 қабат) мекен-жайында орналасқан және күту залымен қамтылған.