Денсаулық сақтау саласында оң динамика байқалып отыр

608

2018 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының ведомствоаралық іс-шаралары облыста қалай жүзеге асуда? Бұл туралы облыс әкімдігінің жанындағы денсаулықты қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесінің жиынында жан-жақты айтылды.

Облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев ашып, жүргізіп отырған басқосуда денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Хамит Мырзақасымов  баяндама жасады.  Ол  бағдарламаның 3 индикатор мен 36 көрсеткіш және 48 іс-шара, сонымен қатар 7 бағыт бойынша  атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 9 айдың қорытындысына сәйкес көрсеткіштерге қол жеткізуде оң динамика байқалады.

2018 жылдың 8 айында облыс бойынша жалпы өлім көрсеткіш – 4,2 құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бірқалыпты  деңгейде. Ал, 9 айлық мерзімді өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ана өлімі көрсеткіші 36 пайызға төмендеп, 10,5-ті құраған. Нәресте өлім-жітім көрсеткіші де 4 пайызға, қатерлі ісіктерден аурушаңдық көрсеткіші 4,2 пайызға, қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіші 15,8 пайызға,  қан айналым жүйесі ауруларынан өлім 10,9 пайызға төмендеген.

— Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы 7 маусымда «Жамбыл облысында инфекциялық аурулардың алдын алудың кейбір мәселелері туралы» № 87-ө өкімі шығып, инфекциялық аурулардың алдын алу жөніндегі облыстық штаб құрамы және 2018-2020 жылдарға арналған менингококк инфекциясының алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар жоспары бекітілген. Облыстық штабтың 3 отырысы өткізіліп, барлық тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берілген. Облыс тұрғындары арасында «Облыста менингококк инфекциясының алдын алу шараларының» медиа-жоспары бекітілген. Облыстың 11 өңірлерінде инфекциялық аурулардың алдын алу жөніндегі штабтар құрылған. Қазіргі таңда менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты болғанымен, осы індеттің эпидемиологиялық маусымы күз-қыс айларына келетінін ескерсек, өршуі қауіпі жоғары. Осыған орай ұжымдарда, әсіресе балалардың ұйымдасқан мекемелерінде, санитарлық талаптарды мекеме басшысынан бастап ұжым жұмыскерлерінің қатаң бакылауында болу тиіс. Халық арасында індеттің алдын алу бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізілуі қажет, -деді Хамит Мырзақасымов.

Айта кету керек, жол көлік оқиғаларынан зардап шеккендер, 15-17 жастағы балалар арасында суицид көрсеткішінде өткен жылмен салыстырған өсім анықталған. Атап айтсақ, жол көлік оқиғаларынан зардап шеккендер көрсеткіші өсіп 9 айдың қорытындысымен — 1510 құраған. 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш Сарысу ауданында 7-есеге, ал Жуалы ауданында 36 пайызға өсім анықталған. Ал ағымдағы жылы  2017 жылдың 9 айымен салыстырғанда  жасөспірімдер арасында аяқталған суицид  3 жағдайдан 5 жағдайға көбейген.

Басқосу барысында екпеден бас тартқан тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын күшейту, эндемиялық аудандарда Конго-Қырым қанды безгегінің алдын алу бойынша маусымдық кезеңде бақылау, жол-көлік оқиғаларын төмендету бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәселелер тереңірек қаузалды.

Еркебұлан Әбілханұлы орын алған жағдайларға байланысты тиісті тұлғаларға сауалдар жолдады. Жұмысы сылбыр жауапты жауапты басшыларды сынға алып, алдағы уақытта кемшіліктерге жол бермеуді ескертіп, нақты тапсырмалар берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.