Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі мекеме жұмысымен танысты

118

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекеменің медициналық-санитарлық қызметінің бір бөлігі Тараз қалалық №5 емханасына берілген болатын. Осыған орай Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Роман Жусупов мекемеге арнайы атбасын бұрып, жағдайымен танысты.

Мекемені аралау барысында Роман Құспанғалиұлына медициналық бөлімнің техникалық жабдықтары, тұрмыстық жағдайы, материалдық-техникалық базасы көрсетілді. Сондай-ақ министрлік өкілі бөлім қызметкерлерімен және мекемеде жазасын өтеуші азаматтармен танысып, көрсетілетін медициналық көмектің дәрежесі туралы сөз қозғады.

Сапары соңында Р. Жусупов мекемедегі медициналық қызметтің жұмысына жоғары бағасын беріп, медициналық бөлім ғимаратының жөндеуден өткізу және өзге қажеттіліктерінің орнын толтыру жөнінде ұсыныс жасайтынын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.