Демалудың пайдасы қандай?

568

Шаршаған кезде, көптеген оқушылар бірден ұялы телефонға кіріп кетеді. Бірақ, жарқын суреттер мен бейнелер миға қосымша жүктеме түсіріп, адамды одан сайын шаршатады. Дұрыс демалудың жолдары төменде жазылған.

Адам тоқтаусыз жұмыс істей алмайды, ерте ме, кеш пе, күш қоры таусылады. Демалыс – жағымды эмоциялар мен жақсы көңіл-күй сыйлаудан бөлек, адамның күш-қуатын қалпына келтіреді. Таза ауада ми тынығады, ал жаттығу қан айналымын ынталандырып, әлденіп алуға мүмкіндік береді. Сыныптағы желдету жүйелері миды оттегімен толық қамтамасыз ете алмайды, ал онсыз жасушалардың жұмысы нашарлайды. Бұған жол бермеу үшін ашық ауаға жиі шығып тұру қажет. Мектеп оқушылары үшін физикалық демалыс өте маңызды. Балаларға үнемі мойын, арқа және қол жаттығуларын жасап, үзіліс кезінде серуендеуге кеңес беріледі. Оқу үдерісін тиімді ету үшін мидың қуатын қалпына келтіру керек. Сабақ барысында, шамамен 40 минуттан кейін адамның зейіні төмендейді. Сондықтан, әр сабақтың соңында орныңыздан тұрып, керіліңіз, көз жаттығуларын жасаңыз және су ішіңіз. Сонымен қатар, бөлмені желдетуді де ұмытпаңыз.

https://faktiler.kz/demaludy-pajdasy-andaj/

Leave A Reply

Your email address will not be published.