Декларация тапсыру тәртібі түсіндірілді

273
1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларация тапсырудың екінші кезеңі басталды. Соның аясында мемлекеттік қызметкерлер кіріс пен мүлік туралы есеп беруге міндетті. Бұған дейін лауазымды тұлғалар декларация тапсырса, енді қарапайым қызметкерлер де өз кірісін жариялайды. Сонымен қатар ҚАЖ саласында еңбек ететін жеке құрам қызметкерлерімен бірге еркін жалдамалы қызметкерлер де табысын жариялауы қажет. Бұл жайында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №25 мекемеде өткен жиын барысында айтылды. Аталған басқосуға Тараз қалалық мемелекеттік кірістер басқармасының бас маманы Ержан Рахымбердиев, мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан оразгелдиев және мекеме қызметкерлері қатысты.
Айта кетейік, жалпыға бірдей декларация тапсырудың бастапқы сатысында барлығы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 формасы) толтырып тапсырады. Оны бір рет қана ұсынады. Артынан жыл сайын кіріс пен мүлік туралы декларацияны (270.00 формасы) жіберіп отыру қажет. Сонда салық органдары түскен табысты қарап, бұған дейінгі декларациямен салыстырып отырады. Қазақстанның Салық кодексіне сәйкес, жалпыға бірдей декларация тапсырудың төрт кезеңі қарастырылған. Биыл екінші кезең, келесі жылы үшінші кезең басталады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.