«Дегерес шыңын» бағындырған жастар

407

Т. Рысқұлов аудан жастары Өрнек ауылының таулы аймағында орналасқан «Дегерес шыңын» бағындыру марафонын жасады. Жастар «Тянь Шань Алатауы» тау сілемінде орналасқан биік шыңға Абай Құнанбаевтың есімі жазылған жалауша ілініп, ұлын ұлықтау рәсімі өтті.

Марафон 2020 жыл – Еріктілер жылының басталуын және Абай Құнанбаетың 175 жылдық мерейтойын жұртшылық арасында кеңінен насихаттау және экотурзимді дамыту мақсатында аудан жастарынан құралған ерікті жастар мен экспедиция мүшелері қатысуымен болды.

Аталған шараны Т.Рысқұлов аудандық «Жастар ресурстық орталығы»  КММ-нің бастамасымен аудан жастары арасындағы «Туған жердің тарихы-тұнған шежіре!» атты тарихи-танымдық экспедициясының аясында ұйымдастырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.