Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында қысқы спартакиада өтті.
Қысқы спартакиада жыл сайын өткізіледі. Жарыстың басты мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, жазасын өтеушілер арасынан мықты спортшыларды анықтау. Мұндай жарыстар позитивті көңіл күйін, қуат пен шабыт беріп, сотталғандардың психологиялық және физикалық жағдайына жағымды әсер етеді.
Спартакиада қатысушылары арқан тарту, гір тасын көтеру және қол күресінен сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша үздік шыққан азаматтарды мекеме бастығы, әділет подполковнигі Бекзат Ортаев пен мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов марапаттады.
— Қысқы спартакиада — біздің мекеме үшін жарқын оқиға. Біз жыл сайын спорт түрлерінен қысқы жарыстар ұйымдастырамыз. Жеңімпаз спортшылар грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды, — дейді мекеме бастығы, әділет подполковнигі Бекзат Ортаев.