ДӘСТҮР МЕН ӨНЕР БӨЛІМІ ҚҰРЫЛДЫ

23
Руханият — әдебиет, өнер, халық даналығы, салт-дәстүр, ғылым, білімнің жиынтық шоғыры десек, соның ішінде мәдениет – рухани құндылықтардың бірлігі ретінде адамды рухани кемелдікке жетелейтін сала.
Ғасырлар сүрлеуінен өткен ұлттық құндылықтарымызды танытып, оны халыққа жеткізу мақсатында мәдениеттің бір тармағы Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында «Дәстүр мен өнер бөлімі» құрылды.
Бөлім алдағы уақытта негізгі үш бағыт, яғни, ақсақалдар институтын дамыту, «әжелер әлімі» — әжелер өнегесін насихаттау және той мәдениетін қалыптастыру бағыттары бойынша жұмыс атқаратын болады.
Аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшін мәдениет, архив саласында он жылдан аса тәжірибесі бар, бұған дейін «Шерхантану» бағытында қызмет атқарған Назым Тоқтасынқызы Қожамарова «Дәстүр және өнер» бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.