Дәрі-дәрмек бағасы тұрақты бақылауда

384

Өңірлік штаб жұмысы аясында, Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті экономикалық дағдарыстың алдын алу және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша мониторингтік топ құрды.
Топ жұмысына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, Бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, ардагерлер қоғамы, «Жамбыл облысының фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы» кіреді.
Бүгін мониторингтік тобымен фармацевтикалық қызмет субъектілерінің бөлшек саудада 6 дәріхана желісінде дәрілік заттардың шекті бағасына талдау жүргізілді.
2020 жылдың 17 наурызында облыс дәріханаларында дәрі-дәрмек бағасы бекітілген шекті бағадан аспайды. Дәрілік заттардың бағалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № КРДСМ -104 «бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың сауда атауына шекті бағаларды бекіту туралы»бұйрығымен бекітілген.
Сондай-ақ мониторинг барысында «Әмір және Д» ЖШС және «Жасұлан» ЖШС дәріханалық желісі арқылы медициналық бетперделердің күн сайын 50 теңгеден, 30000 дана сатылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.