Егер құжатыңыздың қағаз нұсқасы жоғалып немесе жарамсыз болып қалса, уайымдамаңыз. Цифрландырудың арқасында қазір кез келген құжатты қалпына келтіру оңай. Осыған дейін біз автокөліктің техникалық паспортын қалай қалпына келтіру керектігін айтқан болатынбыз. Бүгін тағы бір маңызды құжат – жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының кезегі келді.
Құжаттың төлнұсқасын (дубликатын) екі тәсілмен – eGov порталы арқылы немесе ХҚО арқылы жасауға болады.
Еgov.kz порталы арқылы төлнұсқа алуға өтінім беру үшін ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өтіп, іздеу жолағына «Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының төлнұсқасын беру» қызметін жазыңыз. Қызметке онлайн тапсырыс беріп, өтінімді толтырасыз және оған ЭЦҚ-мен қол қойыңыз. Ары қарай «Төлеу» батырмасын басып, төлем жүргізіңіз.
Жеке кабинетке сұратылған құжаттың дайын екендігі туралы хабарлама келіп түскен соң, сіз оны көрсетілген ХҚО-дан алып кете аласыз немесе құжатты үйге дейін жеткізу сервисін пайдаланыңыз.
Қызмет жылжымайтын мүлік объектісінің ауданына байланысты 1-3 жұмыс күні ішінде дайын болады.
Аманкулов Канатжан Бахытжанович
Сарысу аудандық халыққа қызмет
көрсету бойынша бөлімінің басшысы