Цифрландыру қызмет алуды жеңілдетеді

130

БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) көрсетілетін цифрлық қызметтер желісін кеңейтуді жалғастыруда. ҚазірБЖЗҚ-дан зейнетақы қызметтерін жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетпей-ақ алуға болады. Ол үшін еGovMobileұялы қосымшасында жеке басын куәландыратын құжаттың цифрлық (электрондық) нұсқасы болса жеткілікті.

Қор бұрыннан бар қызметтерге жаңа қызмет түрлері қосылғанын хабарлайды. Зейнетақы қызметтерін тұтынушыларда БЖЗҚ кеңселеріне жүгінген кезде жеке басын куәландыратын цифрлық (электрондық) құжаттарды қолдану мүмкіндігі пайда болды:

  • инвестициялық портфельді басқарушыны (ИПБ) таңдау (өзгерту) туралы немесе зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға қайтаруға өтініш беру;
  • сенім білдірілген тұлға/заңды өкіл жүгінген кезде жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу (бұрын осы жағдайларда құжаттардың түпнұсқасын ұсыну талап етілген).

Енді зейнетақы қызметтерін көрсету кезінде өтініш білдірген тұлға мынадай цифрлық (электрондық) құжаттарды ұсына алады:

жеке куәлік;

Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

туу туралы куәлік;

азаматтығы жоқ адамның куәлігі.

Бұған дейін БЖЗҚ бөлімшелерінде қызметтердің төмендегі түрлерін алу мүмкіндігі енгізілген болатын:

  • өзі келіп өтініш жасаған кезде, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу;
  • деректемелерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
  • зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлау тәсілін өзгерту (айқындау) ;
  • зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару.

Жеке басын куәландыратын құжаттың цифрлық (электрондық) нұсқасын тікелей БЖЗҚ бөлімшелеріне жеке өзі жүгінген кезде пайдалануға болатынын да атап өткіміз келеді.

Егер өтініш берген адамның жеке басын куәландыратын құжаты жарамсыз болып қалса, еGovMobileұялы қосымшасында құжаттың электрондық нұсқасы болмайды.

Сондай-ақ, БЖЗҚ бірқатар қызметтерді қашықтан: сайт, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы көрсететінін еске саламыз.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Leave A Reply

Your email address will not be published.