Тараз қаласы «Достық үйінде» үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Тиімді коммуникациялар және азаматтық белсенділермен ынтымақтастық» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Іс-шараға үкіметтік емес ұйымдар, жастардастан, жалпы 32 адам қатысты. Семинар барысында ҮЕҰ арналған сыйлықақы, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттары және «Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту» шағын гранттары секілді өзекті тақырыптар талқыланды. Семинар-тренинг интерактивті формада ұйымдастырылды, қатысушылар мәселелерді талдап, ұсыныстар жасап, өз ойын білдірді. Семинар-тренинг соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар таратылды.
turaninfo.kz