Сарысу ауданының білім бөліміне қарасты Жаңатас қалалық аула клубы 1 қазан – қарттар күніне орай «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» атты концерттік бағдарламасын ұйымдастырды.
Мерекелік шараға аула клубы тәрбиеленушілерінің ата-әжелері шақыртылып, өнерпаздардың әсем әндерін тыңдап, мың бұрала билеген өнерлерін тамашалады.
Концертте үш топтың оқушылары хор орындап, «Балауса» тобының музыка бөлімінің оқушылары Қарақат Сағат пен Айзере Қойшыбай «Менің әжем дара» ән шашу мен «Бипыл» биімен қаттардың көңілін бір серпілтіп тастады.
Бала тілінің балдай тәтті өнеріне тәнті болған қариялар ұйымдастырушыларға баталарын беріп, ризашылықтарын жеткізді.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі