Бүгін — Су шаруашылығы қызметкерлері күні

85
⚜️Құрметті әріптестер! Сіздерді Су шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, кәсіби жетістік және отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін. Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында еліміздің су қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп сияқты экономиканың маңызды салаларының тұрақты дамуына негіз қаланып отыр.
Сіздер су тасқыны кезеңінде судың қауіпсіз өткізілуін, вегетация кезеңінде егістік алқаптарына судың тұрақты жеткізілуін және гидротехникалық нысандардың сенімді жұмысын қамтамасыз етіп келесіздер.
Сіздерге адал еңбектеріңіз, іске деген жауапкершіліктеріңіз бен жоғары кәсібиліктеріңіз үшін шынайы алғысымды жеткізгім келеді. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз назардан тыс қалмайды. Министрлігіміз су саласы мамандарының мәртебесін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыра береді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.