Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні

106
Жамбыл облысында Мемлеккеттік Рәміздер күніне орай бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Бұл күні Тараз қаласындағы бірқатар мекемелер мен тұрғын үйлердің терезелеріне Мемлекеттік ту іліп, құрмет көрсетті. Бұдан соң мерекелік вело және автошеру қала көшелерін жүріп өтті.
Сондай-ақ, ҚР Тұңғыш Президенті саябағында қала тұрғындарының қатысуымен «Туған жерім менің – Қазақстаным!» атты париоттық форумы өтті.
❗️Шара барлық қатысушылардың Мемлекеттік Гимнді бірге орындауымен ашылды.
✅ Айта кетейік, бұл күнгі шаралар орталықтағы бірқатар мекеме және кәсіпорындардың қызметкерлері мен тұрғындардың бір уақытта Мемлекеттік Гимнді қатар орындауымен айшықталды.
Форумда облыстың тумасы, Мемлекеттік Тудың авторы, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші,  Шәкен Ниязбековтың туғанына 85 жыл толып отырғандығы айрықша аталып, тұлға рухына құрмет көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.