Құтқарушы мамандығының басты міндеті – халықтың бейбіт өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу
Бүгін – Құтқарушылар күні. Айтулы күнді төтеншеліктер биыл 29-рет атап өтті.
1995 жылы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Осы құжат негізінде 19 қазан құтқарушылардың кәсіби мерекесі болып белгіленді.
Құтқарушы мамандығының басты міндеті – халықтың бейбіт өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу.
Бүгінде құтқарушылар төтенше жағдайларды жою жұмыстарына қатысуға дайын болу үшін арнайы, медициналық, психологиялық әзірлігін, авариялық-құтқару құрылымдарының құрамындағы қызмет дағдыларын үнемі жетілдіріп отырады.
Азаматтық қорғау саласы қызметкерлеріне табиғи және техногенді апаттар кезінде, күнделікті сын сәтте үлкен жауапкершілік жүктеледі.
сурет: gov.kz
https://turkystan.kz/article/250659-bugin-ku-tkarushylar-kuni