Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады

506

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Оңтүстікте кей жерлерде дауыл тұрып, түнде және таңертең елдің солтүстігінде және орталығында тұман болады.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, күндіз Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болады.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Түркістан, Маңғыстау, Қостанай облыстарының  кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда облысында, Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.