Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

98

istockphoto

https://turkystan.kz/article/272404-bugin-qai-qalada-aua-sapasy-nasarlaidy-129
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 7 желтоқсанға арналған еліміздің бірқатар өңіріндегі ауа сапасына қатысты кезекті болжамын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, 2025 жылдың 7 желтоқсанында Ақтөбе, Алматы және Жезқазған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Мамандардың түсіндіруінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына әсер ететін қысқамерзімді табиғи факторлардың жиынтығы. Оларға тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсия жатады. Осындай жағдайда ластаушы заттар ауада ұзақ сақталып, таралуы қиындайды.

Сондықтан аталған қалаларда атмосфералық ауаның сапасы уақытша нашарлауы ықтимал. Қоршаған орта мамандары тұрғындарға қажетсіз жерде сыртқа шығуды шектеуді, денсаулығына көңіл бөлуге кеңес береді.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/272404-bugin-qai-qalada-aua-sapasy-nasarlaidy-129

Leave A Reply

Your email address will not be published.