«Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі де солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер өз ықпалын тигізетін болады, жаңбыр жауады, батыста және солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ, дауыл күтілуде. Тек республиканың шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады», — делінген хабарламада.
Республика бойынша жел күшейеді деп күтілуде, оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болуы мүмкін.
Күндіз Абай, Жетісу, Алматы, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысының шығысында қатты ыстық сақталады.
Алматы және Жетісу облыстарының солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде және шығысында өте қатты ыстық сақталады.
Астанада ауыспалы бұлттылық, күннің екінші жартысында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыс жел 9-14, күннің екінші жартысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 35-37 градус қатты ыстық.
Алматыда да бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 24-26, күндіз 36-38 градус қатты ыстық.
Шымкентте де жауын-шашынсыз ауыспалы бұлттылық бар. Жел оңтүстік-батыс, солтүстік-батыс 8-13, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз 36-38 градус ыстық.
https://turkystan.kz/article/245181-bugin-elimizde-aua-raiy-kandai-bolady