Бүгін аудан әкімі бірқатар құрылыс жұмыстарының барысын зерделеді.

122
Әуелі облыстық мәндегі Қайыңды-Тереңөзек-Ақыртөбе бағытындағы 15 шақырымды құрайтын жолдың жөндеу жұмыстарын көрді.
Келесі кезекте Тереңөзек ауылдық округіне қарасты Шолақ Қайыңды ауылына табиғи газ кіргізу жұмыстарына зер салды.
Жыл соңына дейін елді мекендегі 372 тұрғын көгілдір отынмен қамтамасыз етілетін болады.
Сонымен қатар, Ақыртөбе ауылында “Ауыл — ел бесігі” жобасы аясында бой көтеріп жатқан заманауи спорттық-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарын көрді.
Айта кететіні, биыл ауданымызда Ақыртөбе, Р.Сәбденов елдімекендерінде үш бірдей спорт кешендері салынуда.
Және де Ақыртөбе, Құмарық ауылдық округтеріндегі ауылішілік көшелерінің жөндеу жұмыстарын көрді. Биыл ауданымызда 23 көше жөндеуден өтуде.
Аудан басшысы құрылыстың қай-қайсысы болса да сапалы әрі уақытылы атқарылуы керектігін айтып, ескертулер жасады.

 

Тұрар Рысқұлов Ауданының Әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.