Бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш дүркін Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, т.ғ.д Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың дүниеден өткеніне 30 жыл толды.
Осыған байланысты Шу ауданында еске алу шарасы өткізіліп, кемеңгер тұлғаның атын иемденген ауылдағы ескерткішіне гүл дестелері қойылды.
Аталған шараға жиналғандар Димаш Ахметұлы туралы естеліктерімен бөлісіп, халықтың сүйікті перзенті туралы пайымдарын жеткізді.