Бүгін 7 өңірде аптап ыстық болады

131

Қазгидромет синоптиктері 16 маусым, жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жоғары қысымның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, қиыр шығысында атмосфералық фронттар жүріп өтеді, салдарынан найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауады.

Еліміздің батысында бұршақ жауып, дауыл соғуы ықтимал.

Республика бойынша жел күшейеді. Елдің орталығында шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Ұлытау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Түркістан облыстарының шөлді аудандарында қатты ыстық сақталады.

Жетісу, Абай, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының орталығында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі бар.

https://turkystan.kz/article/225831-bugin-7-onirde-aptap-ystyk-bolady/

Leave A Reply

Your email address will not be published.