Бюджеттің игерілуі – жіті бақылауда

99

Тараз қаласы әкімдігі қаржы бөлімінің қызметі бюджеттік жоспарлау, бюджетті орындау және есеп жүргізу саласындағы кешенді іс-шараларды орындауға бағытталған. Бұл ретте аталған бөлім жоспарлы жұмысын жүйелі жүргізіп келеді.

Бөлім басшысы Жеңіс Пәрімбековтің айтуы бойынша, 2023 жылдың 1 қазанына Тараз қаласы кіріс бөлігінің орындалуы 107,1 пайызды құраған. Есепті кезеңге жоспары 33 562,7 млн. теңге болса, орындалуы 35 933,5 млн. теңге, немесе 2 370,9 млн. теңгеге артығымен орындалған.

Оның ішінде, өзіндік кірістер 110,1 пайыз, есепті кезеңге жоспары 23 516,7 млн. теңге, орындалуы 25 892,3 млн. теңге, немесе 2 375,7 млн. теңгеге артығымен орындалған.

Ал 2023 жылдың 1 қазанына Тараз қаласы бюджетінің шығыс бөлігінің игерілуі 99,8 пайыз болған.

Төлемдер жоспары 40 461,9 млн.теңге болса, игерілуі 40 366,8 млн. теңге, немесе 95,1 млн. теңге игерілмеуі қалыптасып отыр. Атап айтқанда, құрылыс бөлімі бойынша – 86,8 млн. теңге. Оның ішінде, «Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін сатып алу» даму бағдарламасы бойынша (Қала аумағынан 300 тұрғын үйді мемлекеттік сатып алу конкурсы 2023 жылғы 29 маусымда жарияланған. Бүгінгі күні 11 өтініш қанағаттандырылып 2 лот бойынша тұрғын үйдің қаражаты төленген.

Қалған 9 лот бойынша мемлекеттік сатып алу порталында жүйелік қатеге байланысты бүгінгі күнге дейін өтінімдерді қарау және сатып алуды аяқтау мүмкін болмай отыр.

Қалған барлық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен – 8,3 млн. теңге нақты шығынның жоспардан кем болуына байланысты игерілмеу қалыптасқан, – дейді бөлім басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.