Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов ұсталды. Ақпаратты антикор растады, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды, – деп ақпарат таратты антикор.
Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласындағы тергеу изоляторына қамауға алынған.
https://turkystan.kz/article/240462-b-ryn-y-m-deniet-zh-ne-sport-vice-ministri-staldy