«Бұл мәселеге кірісе алмаймын»: Министр Балаева қамауда отырған журналист Думан Мұхамедкәрімнің ісі жайында пікір білдірді

63

ОКҚ алаңында өткен бирифингте министрден БАҚ өкілі “ Сіз осы іске ақпарат министрі ретінде оның жеңілдеуіне үн қоса аласыз ба? Ара түсе аласыз ба ?” ,- деп сауал жолдады.

Министр журналистке қозғалған қылмыстық іске кірісіп, араласуға құқығы жоқ екенін айтты.

“Біріншіден, қандай да бір іс қозғалса, оның бір себебі болады. Бұл мәселе бойынша сіздерден артық басқа ақпаратты мен білмеймін. Біздің мемлекеттік органдар я болмаса жеке адамдар құзыретті органдардың істеріне араласуға құқығы жоқ. Сондықтан, бұл мәселеге біз кірісіп, ештеңе деп айта алмаймыз. Ал енді ол кісінің денсаулығына қатысты арнайы мекеменің ресми ақпараты болды. Ол орган “денсаулығына еш қауіп жоқ” деді. Сондықтан, ресми ақпарат берілгеннен кейін ол жауапты. Менің ойымша, бұл жерде уайымдаудың керегі жоқ сияқты”, – деп түсініктеме берді Аида Балаева.

Еске салайық,  Думан Мұхаммедкәрім “тыйым салынған ұйым ісіне араласу” және “экстремизмді қаржыландыру” баптары бойынша күдікке ілініп, маусымның соңында қамалған. Құқық қорғаушылар билікті қатаң сынап жүрген журналист ісінің саясиланғанын айтып, оны «саяси тұтқындар» тізіміне қосқан.

 

https://stan.kz/byl-maselege-kirise-almaymin-ministr-balaeva-kamauda-ot-389329/

Leave A Reply

Your email address will not be published.