Боздақтар рухына тағзым етті

340

15 ақпан – бұрынғы Кеңес одағына қарасты мемлекеттер үшін тарихи күн. Себебі Кеңес әскерлері 1989 жылдың осы күні Ауғанстан жерінен біржола шығарылды.
Кеңес одағының құрамында болған Қазақстанды да бұл қанды соғыс сырт айналып кетпеді.
Қаншама боздақ ерлікпен қаза тапты.
Елге оралғандардың кейбірінің денесінде мәңгі жазылмас жара, жүректерінде отты жылдардың сызаты қалды.


Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай жиын өтті.
Жиын ауған соғысында қаза болған боздақтарымыздың рухына бас иіп, бір минөт үнсіздік жарияланды.
Ауған соғысында қаза болған интернационалист -жауынгерлерге қойылған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі санитарлық сақтық шараларын ұстана отырып өтті.

Дариха Үмбетиярова,

Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.